
«Балалар әлемі» жобасы шеңберінде бүгін Республикалық балалар оқулары байқауының облыстық кезеңі Төлеби ауданы, №7 ІТ мектеп-лицейінің базасында өттуде. Байқаудың мақсаты: балалардың кітап оқуға деген құштарлығын арттыру, қазақ және шетел әдебиетін, ақын-жазушыларының шығармаларын терең зерттеуге шақыру және жас ұрпақтың бойына отансүйгіштік сезімді қалыптастыру.
Байқауға барлық жалпы орта білім беретін мектептердің және мамандандырылған білім беру ұйымдарының 3-10 сынып оқушылары арасынан 89 оқушы қатысуда.
Балалар «Әдебиет порталы» интернет-жобасында жарияланған, Қазақстандық және шетелдік кітаптардың сілтемелері арқылы әдеби кітаптарды оқып, сол кітаптар негізіндегі тапсырмаларды орындайды.
Байқау ІІ турдан тұрады: І- турда балалар тест сұрақтарына жауап береді. Тест тапсырмалары 60 сұрақтан тұрады. ІІ- турда эссе жазу. Осы екі ІІ тур бойынша нәтижелі жоғары ұпай жинаған оқушылар жүлделі орындарға ие болады. Қатысушыларымызға сәттілік тілейміз!!!
