ТҮРКІСТАН: КЕЗЕКТІ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР КӨРСЕТУ ЖӘРМЕҢКЕСІ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Түркістан қаласы әкімдігіне қарасты бөлімдер мен мекемелер жиналған кезекті мемлекеттік қызметтер көрсету жәрмеңкесі өтті.

Жәрмеңкенің мақсаты – жұртшылыққа мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді ақпараттандыру, оның ішінде электронды түрде көрсетілетін қызметтерді кеңінен насихаттау мен мемлекеттік орган өкілдері тарапынан салалық кеңес беру.

Іс-шараға «Зейнетақы төлеу» орталығы, «Жұмыспен қамту» орталығы, Түркістан қалалық санитариялық епидемиологиялық- бақылау басқармасы, Түркістан қалалық тіркеу және Жер кадастры бөлімі мен Түркістан қалалық орталық аурухана мамандары қатысты.

Онлайн жүздесуде халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді алу тәртібі түсіндірілді.

Одан бөлек, мемлекеттік қызметтерді алу бойынша ақпараттық-әдістемелік көмек беріліп, Халықтық кеңсе арқылы электрондық цифрлық қолтаңба алу мүмкіндігі жеткізілді.

Сонымен қатар, «Электронды үкімет» порталы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді алу мүмкіндігі мен олардың қолжетімділігі, қызмет алушылардың құқықтары туралы насихаттық жұмыстар жүргізілді. Және де қызмет алу үшін кеңсеге немесе ХҚКО бармай-ақ, үйде отырып алу мүмкіндігі бар екені жан –жақты айтылды.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.