ТҮРКІСТАН: КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАР АРАСЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ПЕН ҚЫЛМЫСТЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ

Сарыағаш ауданы прокуратурасының бастамасымен, Сарыағаш ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен кәмелетке толмағандар арасындағы құқық-бұзушылық пен қылмыстылықтың алдын алу бағытында

-№21 Яссауи атындағы жалпы орта білім беретін мектебінде;

-№9 Майлыкожа атындағы жалпы орта білім беретін мектебінде білім алушылармен кездесу өтті.

Кездесуге Сарыағаш ауданы прокуратурасының қызметкерлері, Сарыағаш ауданы әкімдігінің қызметкерлері, Сарыағаш ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің әдіскері Исақ Асан, Сарыағаш ауданының полиция бөлімінің қызметкерлері, аталған білім беру ұйымдарының қызметкерлері мен білім алушылары қатысты.

Кездесуде 2022 жылы кәмелетке толмағандарға қатысты орын алған және кәмелетке толмағандармен орын алған құқық-бұзушылықтар мен қылмыстар жайлы сөз қозғалып, алдағы уақытта атқарылатын жұмыстар талқыланды. Сонымен қатар, білім алушыларға қолданыстағы заңдылықтар түсіндірілді. Білімалушылар өздерін мазалап жүрген сұрақтарын қойып толық ақпараттарын алды.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.