ТҮРКІСТАН: КӨРКЕМ ЕҢБЕК ПӘНІ МҰҒАЛІМДЕРІ ПӘНДІ ОҚЫТУ БАРЫСЫН ТАЛҚЫЛАДЫ

Бүгін облыс орталығы — Түркістан қаласында өткен облыстық «Көркем еңбек пәнін оқытуда еңбек етудің алғышарттарын ұйымдастыру тәсілдері» атты әдістемелік көмек көрсету семинарында бас қосқан педагогтар пәнді оқытудың әдіс-тәсілдерін ортаға салып, тәжірибе алмасты. Облыстық білім беруді дамыту орталығы мен Түркістан қаласы адами әлеуетті дамыту бөлімімен бірлесе ұйымдастырған семинарға облысымыздағы барлық қала және аудандардың әдіскерлері мен мұғалімдері, мамандандырылған мектеп-интернаттардың ұстаздары қатысты. Облыстық орталықтың әдіскері Нұғман Сманұлы Архабаев пәнді оқытудағы бүгінгі жаңалықтарды, оқытудың оңды әдіс-тәсілдерін түсіндірсе, түркістандық ұстаздар Бауыржан Ниязбеков, Жұлдыз Исраилова, Дәулет Қарамырзаев, Камшат Нұржановалар және қазығұрттық педагог Замира Ахметова жылдық жоспар жасаудағы тәжірибелерімен бөлісіп, әріптестерінің сұрақтарына жауап берді. Өз кезегінде қатысқан ұстаздар да көркем еңбек пәнін оқыту бойынша өз ойларын ортаға салып, тәжірибелерімен бөлісті.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.