
Бүгін 20 қазан 2022 жылы республикалық Лингвистика олимпиадасының аудандық кезеңі өтілуде. Олимпиаданың негізгі мақсаты- оқушылардың “Қолданбалы филология” пәнін оқуға қызығушылығын ынталандыру, жалпы білім беруде ой-өрістерін дамыту, ғылыми білімді насихаттау, лингвистикадан халықаралық олимпиадаға қатысу үшін олимпиада резервін құру.
Олимпиада қолданбалы лингвистика бойынша өткізіледі. Олимпиада аудандық, облыстық және республикалық айналымдарды қамтиды.Лингвистика олимпиадасының аудандық кезеңіне облысымыздың 17 аудандарынан 840 оқушы қатысуда. Қатысушыларға сәттілік тілейміз!!!
