
Облыстық білім беруді дамыту орталығының жоспарына сәйкес, Төлеби ауданындағы «Мағжан» бөбекжайында мектепке дейінгі ұйымдар педагогтарының облыстық семинары өтті. Бұл басқосуға қатысушылар алдымен бөбекжай фойесінде ұйымдастырылған көрнекі құралдар, дидактикалық материалдар көрмесін тамашалады.
Семинарда «Әлемге позитивпен қарайық» атты ата-аналар тренингі өткізілді. Нәтижесінде, педагогтардың аталмыш шараға деген қызығушылығы арта түсті.
Семинардың екінші бөлімінде білікті мамандар «Экобоксик», «Ою-өрнек сыры», «Добрые ладошки», «С дыбысы», «Город напольных игр», «Ұлттық құндылықтар», «Жаяу көкпар» атты ұйымдастырылған іс-әрекеттер барысында тәрбиелеу мен оқытудың түрлі әдіс-тәсілдерін ұтымды қолданудың жолдары ұсынылды.
Семинар аясында шебер сыныптар да ұйымдастырылды. Білікті мамандар педагогикалық шеберлікке жетудің тиімді қадамдарын үлгі етті.
Қорытынды бөлімде семинарға қатысушылар «Елім қанша жасаса, дәстүрім сонша жасасын» атты тартымды музыкалық қойылымды тамашалады. Педагогтар QR-код арқылы сауалнамаға жауап берді. Осылайша, семинар жоғары деңгейде өтті.
