ТҮРКІСТАН: МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫ АРАСЫНДА ПІКІРТАЛАС ӨТТІ

Қазіргі таңда мектеп оқушыларын жан-жақты дамытуда, олардың азаматтық белсенділігі мен интеллектуалды ізденісін, саяси бағдарларын қалыптастыруда дебат ойындарының алар орны ерекше. Бүгінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі тарапынан дебат ойындарын жаңғырту ісіне ерекше көңіл бөлінуде. Оқу-ағарту министрі А.Аймағамбетов: «Дебат — тек зияткерлік ойын емес, бұл – сыни ойлау дағдыларын қалыптастырып, ақпаратты дұрыс талдауға, командамен бірлесіп жұмыс істеуге, сұрақ қойып, нақты жауап беруге үйрететін білім беру технологиясы. Балалар осылай бір-бірімен қарым-қатынас жасай отырып, өзара байланыстары мен бір-біріне деген сенімін нығайтады» деген болатын.

Төлеби ауданының адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты мектеп оқушылары арасында аудандық деңгейде «USTAZ CUP — I» атты пікірталас өтті.

Мақсат — оқушылар арасында дебат ойындарын жаңғырту, жастардың сөйлеу, ойлау қабілеттері мен көшбасшылық дағдысын дамыту.

Пікірталасқа алдын-ала іріктелген 13 команда қатысып, нәтижесінде облыстық деңгейде ұйымдастырылатын дебатқа Ленгір қаласындағы №7 ІТ мектеп-лицейінің, №3 П.Тәжібаева атындағы жалпы орта мектебінің оқушылары жолдама алды.

Ad Widget

Recommended For You