ТҮРКІСТАН: МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ АСАНБАЙ АСҚАРОВҚА — 100 ЖЫЛ!

Бүгін Түркістан қаласындағы Фараб кітапханасында көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, жазушы, ақын, ғалым Асанбай Асқаровтың туғанына 100 жыл толуына арналған конференция өтті.

Аталған шараға қала әкімінің орынбасары Күзембаев Ерлан, қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Құлбайымбетов Жарқынбек, облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының директоры Шардарбекова Жанат қатысты.

Жиынды қалалық ардагерлер кеңесі төрағасы Құлбайымбетов Жарқынбек ашып, Асанбай Асқаровтың өмірбаяны және атқарған қызметтері жайлы таныстырып, оның ауыл шаруашылығы саласындағы, өңірдің экономикасын дамытудағы еңбегін туралы терең толғады.

Асанбай Асқарұлы ұзақ жылдар бойы Алматы, Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарын басқарып, осы өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлкен үлес қосқан азамат.

Ел ағасының облыс тұрғындары үшін жасаған игі істері мен қалдырған ізгі мұраттары бүгінгі ұрпаққа үлгі болып, ел есінде мәңгілікке сақталады.

Асанбай Асқаров-экономика ғылымының кандидаты, профессор. «Тағдыр «,»Жұмақ пен тозақ жырлары»,»Көзқарас «,»Ұлы Тұранның ұлдары» және көптеген кітаптардың авторы.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.