ТҮРКІСТАН: «МЕНІҢ КІШІ ОТАНЫМ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ КОНКУР-СЫНЫҢ ОБЛЫСТЫҚ КЕЗЕҢІ БАСТАЛДЫ

Бүгін Ордабасы ауданы, Қараспан елді мекені, Б.Оңтаев жалпы орта мектеп базасында 9-10 сынып оқушыларына арналған жас тарихшылардың “Менің шағын Отаным” атты республикалық интеллектуалдық конкурсының облыстық кезеңі өткізілуде.

Түркістан облысы бойынша 17 аудан/ қалалық мамандандырылған білім беру ұйымдарынан 118 оқушы конкурсқа қатысты.

Конкурс екі тур бойынша өткізілуде. Бірінші кезеңде Қазақстан тарихы сұрақтары бойынша тестілеуден өтті. Келесі кезеңде

4 номинация бойынша «Менің кіші Отанымның тарихы» номинациясында елді мекеннің тарихын ашып беру (географиялық атауы, құрылу тарихы, негізгі даму кезеңдері, жердің табиғи-климаттық ерекшеліктері, халықтың саны, әлеуметтік-тұрмыстық саладағы кәсіпорындар мен мекемелер туралы ақпарат, т.б.) презентациялау форматында бейне – репортаж әзірлейді.

Жас тарихшыларымызға сәттілік тілейміз!!!

Ad Widget

Recommended For You