ТҮРКІСТАН: МЕРЕКЕ ҚАРСАҢЫНДА ОРДАБАСЫ АУДАНЫНДА ЖАҢА МЕКТЕП ПАЙДА-ЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Түркістан облысы Ордабасы ауданы, Шұбарсу ауылында «Өмірхан Қозыбақ» атындағы жекеменшік бастауыш мектебінің ашылу салтанаты өтті.

Білім ұясының ашылу салтанатына Облыс әкімінің бірінші орынбасары Арман Шәріпбайұлы Жетпісбаев, Облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысы Дінислам Болатханұлы, Ордабасы ауданының әкімі Нұрбек Бақтыбайұлы Бадырақов және ауыл ақсақалдарымен ауыл тұрғындары қатысты.

287 орындықты су жаңа мектепті ел игілігіне беріп отырған жеке кәсіпкер Қозыбақов Қуаныш. Заманауи үлгідегі бастауыш мектебінің жалпы құны 340 млн. теңгені құрайды.

Алдағы уақытта 2023-2024 оқу жылына негізгі орта және жалпы орта білім беру үшін 200 орындық қосымша корпус салу жоспарлануда. Және де жазғы спорттық алаң мен жоғары сынып оқушыларының зерттеу жұмыстарына арналған жылыжай салынбақ.

Жалпы Шұбарсу ауылында халық тығыз орналасуына байланысты жыл сайын оқушы орнына деген тапшылық артуда. Сондықтан 2023 жылы бір 600 орындық мемлекеттік, 1750 және 250 орындық жекеменшік мектеп пайдалануға беріледі деп жоспарлануда. Сонымен бірге 2025 жылға дейін «Жайлы мектеп» Ұлттық жобасы бойынша мемлекеттік 2000 орындық мектеп жәнеде жекеменшік 600, 1200 орындық екі мектеп салу жоспарлануда.

Қазіргі таңда, Шұбарсу ауылында 10 мектеп бар. Оның 7-і мемлекеттік, 3 жекеменшік.

Ad Widget

Recommended For You