Түркістан облысы, Мақтаарал ауданының адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты «Мақтаарал аграрлық колледжінің» әлеуметтік педагогы Ж.Арынова оқушыларды өздерінің отбасы туралы жан-жақты білуге және отбасының рөлі жайлы түсіндіру, отбасын сүюге, ата-анаға деген құрметін арттыру, жылылықты ұялату, ата-анасының адал да парасатты ұл мен қызы болуға тәрбиелеу, ата — анасының берген жақсы тәрбиелерін нәтижелі етуге үйрету, қоғамға жат қылықтардан сақтандыру мақсатында 1 курс оқушыларымен «Мен және менің отбасым» тақырыбында тренинг өткізді. Тренинг барысында жастармен отбасы, ата-ана туралы әңгіме жүргізіліп, «Отбасы құндылықтары» атты ойын өткізілді. Екі топқа бөлінген оқушылар отбасы құндылықтары туралы ойларын жазып, қорғап шықты. Тақырыпқа байланысты бейнеролик тамашалап, ғибраты мол әңгіме тыңдады.
I got this web page from my friend who informed me on the topic of this
web site and at the moment this time I am visiting this web page and reading very informative articles or reviews at this place.