
Түркістан облыстық білім басқармасының басшысы Дінислам Болатханұлы Төлеби ауданына іс-сапармен барып, бірқатар білім беру ұйымдарын аралады.
Төлеби ауданындағы «Ынтымақ» жалпы орта мектебі мен “Оңтүстік” негізгі орта мектебі ұжымымен кездесіп, материалдық техникалық базаларымен танысты. Сондай-ақ, аталған білім ұяларының тыныс-тіршілігін бақылап, мектеп ғимаратының кемшін тұстарын көріп, оны жүзеге асыруды жеделтету мақсатында бірқатар тапсырмалар берді.
Айта кетерлігі “Оңтүстік” негізгі орта мектебінде 85 оқушы білім алады. Ғимараты типтік үлгіде салынған білім ошағында 25 мұғалім шәкірт тәрбиелейді. 100 орындықты білім мекемесі 2014 жылы пайдалануға берілген.
Ал, “Ынтымақ” жалпы орта мектебінде 226 оқушы дәріс оқып, 42 мұғалім жұмыс істейді.
Ғимараты ыңғайластырылған үлгіде салынған. Бір ғимараты 1934 жылы, екінші ғимараты 1970 жылы қолданысқа берілген. 100 орындықды білім ұясы екі ауысымда білім береді.