ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 50 ЖАҢА «ЖАЙЛЫ МЕКТЕП» САЛУ ЖОСПАРЛАНУДА

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын іске асыру жөнінде тапсырма берген болатын. Аталған жоба аясында 2025 жылға дейін 800 мыңнан астам оқушыға арналған жаңа форматтағы мектептерді салу көзделген.

«Жайлы мектеп» жобасының басты мақсаты – мектептердегі орын тапшылығы мәселесін жүйелі түрде шешу.

Осыған байланысты, өткен аптаның жұма күні ҚР Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетовтің алдында Түркістан облысы әкімінің орынбасары «Жайлы мектеп» жобасын қорғады. Жоба аясында Түркістан облысына 50 жаңа заманауи «Жайлы мектеп» салу жоспарлануда. Оның сыйымдылығы 50 мың яғни екі ауысыммен оқитын болса мектепке 100 мың оқушы сыяды. Осылайша Түркістан облысында үш ауысымды және апатты жағдайда тұрған мектептер жойылатын болады.

Бұл мектептердің қазіргі салынып жатқан мектептерден артықшылығы:

пән кабинеттері мен зертханалар толықтай жабдықталады

1-4 сынып және 5-11 сынып оқушылары үшін дербес блок болады

— спорт залдарының саны оқушы санына қарай есептеледі

— 1-4 сынып пен 5-11 сынып оқушылары үшін бөлек орналастырылады

— әр мектепте қыздар мен ұлдарды еңбекке баулуға арналған әмбебап шеберханалар мен студиялар қарастырылады.

— мектептер оқушылардың жеке заттарын, ауыстыратын аяқ киімдері мен оқулықтарын сақтайтын жеке шкафтармен жабдықталады.

Мемлекет басшысы 2023 жылы құрылысы басталуы тиіс мектептер үшін жер учаскелерін бөлу және инфрақұрылымға қосу жөніндегі барлық мәселені Үкіметке әрбір өңірдің осындай міндеттемелерін айқындап, олардың орындалуын бақылауды тапсырды.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.