ТҮРКІСТАН: ОРДАБАСЫДА ҰЛТТЫҚ «РЕСПУБЛИКА» КҮНІ ТОЙЛАНДЫ

«25 -қазан Республика күніне орай» Түркістан облысы Ордабасы ауданы адами әлеуетті дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен аудандық орталық алаңда «Менің Республикам — менің Қазақстаным!» атты мерекелік шара өткізілді. Шараға атқарушы билік өкілдері — аудан әкімі Нұрбек Бақтыбайұлы бөлім басшылары, мәслихат депутаттары, ардагерлер, мектеп басшылары, мұғалімдер, мектеп оқушылары қатысты.

Мерекелік шара «Менің елім- Қазақстан» атты сурет көрмесінің қойылуыен басталып, Құрманғазының «Сарыарқа», «Адай» күйлерімен ашылды. «Менің Республикам- менің Қазақстаным!» атты Әскери жетекшілер бастаған, Ш.Уәлиханов ат мектеп-гимназиясы, Амангелді, С.Нұрмағамбетов атындағы және «Темірлан», «Бәйтерек» жалпы орта мектептерінің ұстаздары мен оқушыларының мерекелік шерушілері өз өнерлерімен, құттықтауларымен маңыздылығын көрсетті. Мерекеге жиналғандар Қазақстанның жаңа тарихындағы «Республика күні» мерекесінде Тұңғыш рет аудан бойынша 5 сыныптың үздік оқушыларының бірыңғай «Жас ұлан» ұйымының антын қабылдау рәсіміне куә болды.

Аудан әкімі Нұрбек Бадырақов бастаған зиялы қауым өкілдері, аудан ардагерлері оқушыларға «Жас ұлан» ұйымының галстугін тақты. Жаңа ғасырда қайта түлеген, жасарып, түрленген еліміздің тәуелсіздігінің тұғырлы болуы жолында ауданымызға басшылық жасап отырған аудан әкімі Н.Бақтыбайұлы құттықтау сөз сөйлеп, 2022 жылғы 16 маусымда Ұлытауда өткен Ұлттық құрылтайдың бірінші отырысында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Республика күні мәртебесін қайта қалпына келтіруді және оны 25 қазанда Ұлттық мереке ретінде атап өтуді ұсынғанын, 2009 жылға дейін ұлттық және мемлекеттік мереке ретінде бүкіл халықпен аталып, қоғамдық қолдауға ие болған Республика күні Қазақстанның жаңа тарихында еліміздің басты мерекелерінің бірі 25- қазан Республика күнімен және үлкен мерекеде «Жас ұлан» ұйымына қабылданған оқушыларды құттықтады. Жиын соңы мерекелік сазды концертке ұласты.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.