ТҮРКІСТАН: Облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасында аппарат жиналысы өтті.

Бүгінгі жиынға аудан/қаладағы білім бөлімдерінің басшылары қатысты.

Түркістан облысының әкімі Дархан Амангелдіұлы Сатыбалдының тапсырмасына сәйкес, “Жайлы мектеп” ұлттық жобасы аясында салынғалы тұрған білім ұялары жайында сөз қозғалды.

Әр білім бөлім басшылары өз аудандары бойынша басқарма басшысы Дінислам Болатханұлына жаңа форматтағы мектептердің есебін беріп, жоспарларымен таныстырды.

Ұлттық жобаның негізгі шарттары мақұлданғанын айтқан басқарма басшысы құрылысы 2023 жылы басталатын мектептер бойынша арнайы тапсырмалар берді.

Облыстың бас ұстазы өз кезегінде: “Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «Жайлы мектеп» пилоттық ұлттық жобасы әзірленді. Осы жоба аясында 2025 жылға дейін жаңа құрылыс стандарттары бойынша біздің аймақта ең көп “Жайлы мектеп” салынбақ” ,- дейді.

Игі бастама арқылы үш ауысымды, апатты, ескірген мектептер санын жою көзделген.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.