ТҮРКІСТАН: Оңтүстік Қазақстан индустриялды-инновациялық колледжінің «Жұмысқа орналасу-қамқорлық кепілдігі» атты іс-шарасы өткізілді.

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің ұйымдастыруымен республика бойынша 15 қараша күні «Жұмыс беруші күні» ашық есік күні аясында Оңтүстік Қазақстан индустриялды-инновациялық колледжінің «Жұмысқа орналасу-қамқорлық кепілдігі» атты іс-шарасы өткізілді. «Ашық есік» күні іс-шарасының мақсаты- экономиканы кадрлармен қамтамасыз ету үшін кәсіпорындар мен колледждер арасында тиімді және ұзақ мерзімді ынтымақтастық орнату. «Жұмысқа орналасу-қамқорлық кепілдігі» «Ашық есік» күніне 25 әлеуметтік серіктестіктер мен жұмыс берушілер өкілдері қатысты. «Ашық есік» күні колледж директоры Н.Ж. Нұрекенованың басшылығымен әлеуметтік серіктестіктер, жұмыс берушілер колледж құрылтайшысы «ЮКМЗ»АҚ және оқу орнының материалдық-техникалық базасына экскурсия жасаумен басталды. Экскурсия жалғасы колледждің акт залында өткізілген «Жұмысқа орналасу-қамқорлық кепілдігі» іс-шарасымен жалғасты. «Ашық есік» күні іс-шарасына Түркістан облысы «Сайрам ауданы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» КММ басшысы – Сарыбеков Нұрлан Өмірбекұлы, Түркістан облысы , Сайрам аудандық филалының директоры-Байболов Ғалымжан Тұрсыналыұлы, Сайрам ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы КММ директоры- Казанкапов Абзал Дәулетәліұлының қатысты. Әлеуметтік серіктестіктер, жұмыс берушілердің қатысуымен жасалған бейнематериалда дуалды оқыту бағдарламасы бойынша кәсіпорындардың жұмыс жасау тәжірибесі көрсетілді. «Академиялық дербестік-жұмыс берушінің талабына сәйкес мамандар даярлау мүмкіндігі» диалог-сұхбатында әлеуметтік серіктестіктер, жұмыс берушілер ойларын ортаға салып жаңадан мамандықтар ашып мамандар дайындау мәселесін көтерді. Колледжде өткізіліп жатқан кәсіби тәжірибеге жоғары баға беріп бітірушілерді жұмыс орындарына шақырды. Жас маманды жұмысқа қабылдау жөніндегі келіссөз іскерлік пікірталасында бітірушілер әлеуметтік серіктестіктерге сауалдар қойып, алғыс лебіздерін білдірді. Іс-шара барысында Қазақстан Республикасы Президенті Қ.Тоқаевтың Жолдауында көрсетілгендей, жастарды елдің әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық саяси өміріне белсене араластыру, қолжетімді және сапалы білім бере отырып өндіріске тұрақты жұмысқа орналасуына, кәсіпкерлік қызметін ашуға, кәсіби шыңдалып біліктілігін арттыруға қолдау саясаты жүргізу аясында 10 жұмыс беруші кәсіпорынмен, Түркістан облысы «Сайрам ауданы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» КММ басшысы Н.О.Сарыбековтың, Түркістан облысы Кәсіпкерлер Палатасының Сайрам ауданындағы филиалы директоры Г.Т.Байболовтың, Оңтүстік Қазақстан индустриялды-инновациялық колледжінің директоры Н.Ж.Нұрекенованың қатысуымен меморандумға қол қойылды.

Іс-шараның соңғы бөлімі колледжінің директоры Н.Ж.Нұрекенованың сөзімен қорытындыланып марапаттаумен жалғасты. «ЮКМЗ» АҚ-ның Бас директоры Шадинов Б. А., «КазТехникас» ЖШС-ның құрылтайшысы Мурат С. А.Оқу ағарту министрлігінің «Алғыс хатымен», «ART Boilers» ЖШС-ның директоры Нуришов Н. А, «Ладушки»ЖШС-ның директоры Канжигитова А.А., «Ай Сервис Транс» ЖШС-ның директоры Құлшынбай А.Е., «Барыс-2007»ЖШС-ның президенті Наимбекова А. И., «Манкент-1» ӨК-нің төрағасы Эшметов А. Х. Түркістан облысының Адами әлеуетті дамыту басқармасының Алғыс хатымен, 18 әлеуметтік серіктестіктер, жұмыс берушілер колледждің Алғыс хатымен марапатталды.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.