ТҮРКІСТАН: «ПОЭЗИЯ, ПРОЗА ӘЛЕМІНЕ САЯХАТ»

№32 Қасым Аманжолов атындағы жалпы орта мектебінде 9 қараша күні «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында мектебіміздің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, ұлағатты ұстаз, жазба ақын Арыстанова Ләззәт Оспанқызының ұйымдастыруымен «Поэзия, проза әлеміне саяхат» тақырыбында мәнерлеп оқу байқауы өтті. Байқауға 5-11 сынып оқушылары қатысты.

Бәйге үш бағытта өтті:

-Ақын, жазушылардың поэма, қара сөз, өлеңдерін жатқа мәнерлеп оқу.

Байқау қорытындысы төмендегідей болды:

-Қара сөз жатқа оқу шебері:

Ергешбай Сымбат — 5 қара сөз, 20 өлең

-Поэма жаттағандар:

Саменов Абылхан -7 поэма

Пархатова П — 4 поэма

Нұралы Сымбат — 2 поэма, 25 өлең

Тұрғын Мөлдір — 2 поэма, 15 өлең

Нұралы Ақниет — 5 поэма, 20 өлең,

-Аралас ақындардан өлең жаттаған жүлдегерлер:

Төлепбай Жанерке — 74 өлең

Мұса Іңкәр — 60 өлең

Есенгелді Балнұр — 40 өлең

Нұралы Аружан — 35 өлең

Ергешбай Айсұлтан — 30 өлең

Жеңімпаз атанған оқушылар Арыстанова Ләззәт Оспанқызы кабинеті атынан құнды кітаптар және мектеп директоры Жолдасбекова Жамиля Амантайқызының мадақтамаларымен марапатталды.

-Дәстүрлі мәнерлеп оқу байқауы оқушыларды аудандық, облыстық оқуларға шыңдау мақсатында әр тоқсанда өткізіледі. Шәкірттеріміз жеңісі- Ұстаздарымыз жемісі

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.