28 қыркүйек күні Түркістан облыстық білім беруді дамыту орталығының «Инновация және стратегиялық жоспарлау» кафедрасының ұйымдастыруымен «Жастардың көшбасшылық қабілеттерін дамыту арқылы білім сапасын арттыру» тақырыбында республикалық ашық алаң өтті.
Түркістандағы «Ақжайық» саз мектебінде өткен ашық алаңға Түркістан, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облысының жас педагогтері, мектеп директорының бейіндік және инновация бағытындағы орынбасарлары, «Үздік педагог» грант иегерлері, Түркістан облысының Жастар ресурстық орталығының директоры Е.Төлебаев, психолог мамандары, Түркістан облысы білім беруді дамыту орталығының директоры Б.Төлімбет және директордың оқу-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Д.Айкозова, «Инновация және стратегиялық жоспарлау» кафедрасының меңгерушісі А.Панова мен кафедра әдіскерлері қатысты.
Алаңның мақсаты жас педагогтердің көшбасшылық қабілетін дамыту арқылы білім сапасын арттыру, республика көлемінде жас педагогтердің өзара тәжірибе алмасуына ықпал ету болып табылады. Алаңдағы басты міндет педагогтерді қолдау, жас педагогтердің азаматтық ұстанымы мен патриоттық сезімін күшейту.
Алаңға модераторлық жасаған Созақ ауданы А.Сүлейменов атындағы жалпы орта мектебі тарих пәнінің мұғалімі Аманов Бауыржан Бағланұлы білім сапасын арттырудағы көшбасшылық қасиеттің маңыздылығы туралы өзіндік тәжірибесімен бөлісіп, пәнді оқытудағы қазіргі заманғы ақпараттық технологияның көмегімен жасаған жаңа инновациялық жобалық әдістерін таратты. Түркістан облысының жастар ресурстық орталығының директоры Ерасыл Төлебаев жастардың көшбасшылық қабілетін дамытудағы қызықты мәліметтерге толы шетелдік тәжірибелерімен бөлісіп, жас мамандарға мүмкіндікті пайдалану жолындағы ақпараттарымен жаңаша кәсіби серпіліс сыйлады.
Павлодар облысы «Жас дарын» мамандандырылған мектеп-лицейінің биология пәнінің мұғалімі Шыңғыс Молдасапар «Тик-Ток» әлеуметтік желісі арқылы балалардың қызығушылықтарын арттыру», Солтүстік Қазақстан облысы «Бексейіт орта мектебінің» қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Акежан Мақсатұлы Қажығалиев «Дебат арқылы тұлғаның көшбасшылық қабілеттерін қалыптастыру» тақырыптарында онлайн-презентация жасады. Ал СҚО «Калинов орта мектебі» биология пәнінің мұғалімі, жаратылыстану ғылымдарының магистрі Сабина Ержанқызы «Биология сабақтарында дарынды оқушылардың пәндік құзыреттіліктерін арттыру мақсатында жоба әдісін пайдаланудың тиімділігі» тақырыбында жоба дайындау алгоритмдері бойынша жүргізген жобалық жұмыстарының тәжірибелерімен алмасты.
Түркістан облысы Жетісай ауданы №39 Асықата мектебінің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Аманов Ғалымжан Бағжанұлы «Кері байланыс жай ғана тәсіл емес ол оқытудың негізі» деген шебер-сыныбын өткізіп, жас мамандармен кері байланыс әдісін тәжірибеде көрсетті.
Алаңға қатысушылар жастар ресурстық орталығының психолог мамандарымен бірге сергіту жаттығуларын жасады.
Қатысушылар жас мамандардың көшбасшылық қабілеттін арттырудағы көкейтесті мәселелері туралы ой-пікірлерін ортаға салып, ұсыныстарын білдірді.
You are truly a just right webmaster. The website loading velocity is amazing.
It kind of feels that you are doing any distinctive trick.
Furthermore, the contents are masterpiece. you’ve done a great process in this matter!
Similar here: e-commerce and also here: Dyskont online