ТҮРКІСТАН: САЙРАМДА ОБЛЫСТЫҚ СЕМИНАР ӨТТІ

«Сабақтың сапасын арттырудағы геймификация әдістерінің тиімділігі»

Білім беруді дамыту орталығының 2022 жылғы жоспарына сәйкес, Сайрам ауданының адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты №74 жалпы орта мектебінде «Сабақтың сапасын арттырудағы геймификация әдістерінің тиімділігі» атты облыстық семинар өтті.

Семинарды Түркістан облысы білім беруді дамыту орталығының кафедра меңгерушісі Айгул Нәбижанқызы ашып, семинар жұмысына табыс тіледі.

Басқосуға облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасына қарасты аудандық, қалалық адами әлеуетті дамыту бөлімдерінің инновация жұмыстары бойынша әдіскерлері, жетекші мектеп директорлары, мектеп директорының инновация/бейіндік ісі жөніндегі орынбасаралары қатысты.

Мұндағы басты мақсат — геймификация әдістерін сабаққа енгізу жолдарымен таныстыр отырып, геймификацияның сандық сервистерін тәжірибе жүзінде қолдану жолдарын үйрету.

Семинарда аудандық адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты мектеп оқушылары роботехника, қолөнер бұйымдарынан көрме ұйымдастырып, ғылыми жобаларын қорғады.

Сонымен қатар, семинардың теориялық бөлімінде шебер-сыныптар өтсе, ал педагогикалық шеберхана бөлімінде мектеп мұғалімдері өз тәжірибелерімен бөлісті.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.