
Түркістан облысында биыл 34 мектеп ашылады. Солардың бірі –Сарыағаш қаласы, «Самал» мөлтек ауданында салынуда. Сарыағаш ауданының әкімі М.Отаршиев құрылысы аяқталуға жақын 900 орындық мектептің құрылысымен танысты.
Жыл санап бала санының өсуіне байланысты №60 «Самал» жалпы орта мектебі үш ауысымға өту қаупі туындаған болатын. Осыған орай, жаңа мектеп ғимаратын салу үшін аудан әкімінің тапсырмасына сәйкес жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп, бүгінгі таңда мектеп ғимаратының құрылысы аяқталуда.
Қазіргі таңда мектептің құрылыс жұмыстарын «ЖАҢА АРНА 2002» ЖШС-і жүргізуде. Жаңа білім ғимаратының жалпы аумағы – 2,6 гектарды құрайды. Аталған аумақта оқу корпустары, физика, химия, биология кабинеттері, асхана сондай-ақ спорт алаңшасы орналасқан. Жоспарға сәйкес, аталған білім мекемесі биыл қазан айында тапсырылмақ.
Құрылыс нысанын аралау барысында аудан әкімі тиісті сала басшыларына талап қойып, орын алған кемшіліктерді түзетуді тапсырды. Сондай-ақ белгіленген кестеге сәйкес құрылыс нысанын ел игілігіне тапсыру керектігін айтты. Сонымен бірге оқушылардың қауіпсіздігі үшін жаңа мектеп ғимаратында бейнебақылау жүйесін орнату қарастырылған.
Айта кетсек, бүгінгі таңда аудан бойынша 7 мектептің құрылысы жүргізілуде. Оның ішінде 3 мектеп биыл пайдалануға берілсе қалған 4 мектептің құрылысы келесі жылы аяқталады деп жоспарланған.
377750 630644I just couldnt depart your internet site prior to suggesting that I extremely enjoyed the regular info an individual supply for your visitors? Is gonna be back regularly as a way to inspect new posts 556373
569218 563602Thank you for sharing with us, I think this website truly stands out : D. 745382
102194 494585Oh my goodness! an exceptional post dude. Several thanks Nevertheless We are experiencing dilemma with ur rss . Dont know why Not able to sign up to it. Could there be anybody finding identical rss dilemma? Anyone who knows kindly respond. Thnkx 611732
188975 9890You got a really amazing site, Sword lily I observed it through yahoo. 489474
701266 765553This really is some great info. I expect additional facts like this was distributed across the internet today. 937205