
Түркістан облысы, Отырар ауданындағы Ө.Жәнібеков атындағы лицей -интернатта ағылшын және орыс тілі айлығының жабылу салтанаты 3 тілде өтті. «Қазақ тілі — өз тілім, туған тілім, Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім», ағылшын тілі — Шекспир тілі, орыс тілі — Пушкин тілі десек, тіл үндестігін таныта білген өрендер өз өнерлерімен тәнті етті. Оқушылар, әлем тілін сахнада сөйлетіп Шекспир шығармаларын Пушкин тілінде шебер сомдай білді.
Атап айтсақ, 10″б»сынып оқушылары «Ромео-Джульеттоны,3-4-5 сыныптар ертегілерді көрсетіп, 4-8 сынып аралығынадағы шәкірттер ағылшын және орыс тілдерінде ән шырқап, би биледі. Аталған пән айлығын ДТІЖО С.Тәжібай, орыс тілі пәнінің мұғалімі А.Әден қорытындылап, үздіктерге арнайы марапаттар табыс етті.
