Дәл осындай тақырыпта Қазақстан Республикасының тіл мерекесіне арналған салтанатты іс-шарасын ұйымдастырып, біздің Оңтүстік Қазақстан индустриялды-инновациялық колледжінің оқушыларын және оқытушыларын арнайы қонақ ретінде шақырып, мәдениет үйінің қызметкерлерінің арнайы алғыстарына бөлендік. Тіл мамандарымыз аудан әкімінің алғыс хатымен марапатталды.
Білім алушы оқушыларымыз арнайы дайындалған концерттік бағдарламаны тамашалап мерекелік көңіл-күймен бір шаттанып қалдық.
Тіліміз тұғырлы, елдігіміз мәңгілік болғай! Мереке баршаңызға құтты болсын!