
Ағымдағы жылғы 15-24 тамыз аралығында өтетін облыстық білім беру ұйымдары педагог қызметкерлерінің 2022 жылғы «Білімнің басты құндылықтары: отаншылдық, білімге құштарлық, еңбекқорлық» атты облыстық Тамыз кеңесі аясында өткізіліп жатқан секциялық отырыстар тізбесі:
15 Тамыз күні Облыстық білім беру ұйымдары педагог қызметкерлерінің 2022 жылғы «Білімнің басты құндылықтары: отаншылдық, білімге құштарлық, еңбекқорлық» тақырыбындағы «Тамыз кеңесі — 2022» аясында өткізілетін секция жұмысы Түлкібас ауданында бастау алды.
«Мектепке дейінгі және бастауышта құндылықтарға бағытталған білім беру» тақырыбындағы панелдік мәжілісте
— «BiLim Media Group» ЖШС маманы «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына арналған BiLimKidsплатформасы», «Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру» кафедрасының меңгерушісі Кульбаева Гульмира «2022 — 2023 оқу жылында Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі және жалпы орта білім беру ұйымдарында оқу процесін ұйымдастыру ерекшеліктері; білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға білім беру стандарттарындағы, үлгілік оқу жоспарларындағы өзгерістер туралы» баяндама жасады.
Секцияда талқыланған мәселелер:
1. 2022 — 2023 оқу жылында Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі және жалпы орта білім беру ұйымдарында оқу процесін ұйымдастыру ерекшеліктері туралы;
2. Ұлттық мәдениет пен дәстүр арқылы рухани — адамгершілік құндылықтар негізінде баланың жеке қасиетін қалыптастыру;
3. Үлгілік оқу жоспарлары мен бағдарламаларын өзектендіру;
4. 2022 — 2023 оқу жылында Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарында оқу процесін ұйымдастыру ерекшеліктері туралы;
5. Бастауыш сыныпта оқыту процесінде кездесетін қиындықтардың шешу жолдарын жетілдіру, оқыту тиімділігін арттыру мүмкіндіктерін қарастыру;
6. Бастауыш сынып оқушыларының тілін дамытудың тиімді жолдарын арттыру;
7. Оқытудың жаңа тәсілдері, педагогтердің әдістемелік құзыреттілігі, педагогикалық қоғамдастықта озық бағыттарды талқылау, тәжірибе алмасу.
16.08.2022 «Тіл мен әдебиетті оқытудағы басты құндылықтар: білім, отаншылдық, еңбекқорлық» тақырыбында Ордабасы ауданында тамыз кеңесінің екінші күні өтті.
Панелдік мәжілісте:
— Онлайн форматта Түркістан Облыстық Білім беруді дамыту орталығының директоры Төлімбет Бақытжан Нұрмаханбетұлы әдіскерлерді, әдістемелік бірлестік жетекшілерін жаңа оқу жылымен құттықтады.
— «Цифрлық ресурстардың білім сапасын жақсартудағы маңыздылығы» тақырыбында ТОО Bilim Media Group, клиенттерді қолдау бөлімінің супервайзері Перизат Талғатқызы таныстырылым жасады.
— Жапония, NUCB халықаралық колледж директорының міндетін атқарушы, музыка мұғалімі; 2022 жылы ашылған өзге ұлт балаларына жапон тілін онлайн оқытатын «MAY for kids» оқу орталығының директоры — Megumi Matsui онлайн форматта қонақта болды. «Impact of globalisation on school in Japan — issues surrounding non Japanese native kids» тақырыбында таныстырылым жасады.
Офлайн форматта, өзара диалог, пікірталас, тәжірибе алмасу мақсатында өткен секцияда талқыланған мәселелер:
— 2022-2023 оқу жылында білім беру ұйымдарында оқу процесін ұйымдастыру;
— «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні бойынша Рухани жаңғыру идеясы негіздерінің құндылықтарын «Елдіктің жеті тұғыры» қағидаларын оқыту мәселелері;
— Орыс тілі мен әдебиеті пәнін оқытуда тілдік дағдыларды дамытудың тиімді жолдарын арттыру;
— «Орыс тілі мен әдебиеті пәнін оқытуда СМАРТ- технологияларды қолданудың ерекшеліктері мен тиімділігі;
— Өзбек және тәжік тілі әдебиеті пәндерінен білім алушылардың біліміндегі олқылықтардың орнын толтыру мәселелері;
— 2022-2023 оқу жылында Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарында оқу процесін ұйымдастыру ерекшеліктері туралы;
— Ағылшын тілі пәнін оқытуда қазақ ақын, жазушыларының шығармаларының орны.
