ТҮРКІСТАН: ТУРИСТІК ЭКСПЕДИЦИЯ ЖАСАҚТАРЫНЫҢ СЛЕТІ

Ағымдағы жылдың 15-18 қараша аралығында Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасы «Облыстық жас туристер станциясы» КММ-нің директоры Сәуле Өмірсерікқызының басшылығымен Түркістан облысы, Төлеби ауданы, Біркөлік шатқалында орналасқан туристік-спорттық лагерінде «Менің Отаным — Қазақстан» туристік экспедициялық жасақтары слетінің ашылу салтанаты өтті.

Слетке аталған мекеменің қала, аудандық бөлімдердің құрама топтарынан құралған 110 үйірмеші қатысты.

Мақсаты:

— Балалар мен жастарда азаматтылық пен отаншылдық сезімдерін тәрбиелеу, экспедициялық жасақтардың туристік қызметін жандандыру жолымен салауатты өмір салтын насихаттау;

Ізгі ниетті, ашық және көп мәдениетті жеке тұлғаны тәрбиелеу;

балаларды туған өлкенің тарихи, мәдени және рухани мұрасына, кіші Отанын зерттеуге тарту;

тәжірибелік және зерттеу қызметіне қызығушылық танытушы білім алушыларды анықтау және оларға қолдау көрсету;

Слет кезеңдері:

  1. «Туристік кедергілер жолағы» туристік жарысы.
  2. «Менің туған жерім» сайысы.
  3. «Бард әндері» байқауы.

Слеттің жеңімпаз топтарына дипломдар мен сыйлықтар табысталып, жетекшілері Алғыс хаттармен марапатталды.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.