Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысы Дінислам Болатханұлының “Тамыз кеңесі-2022” баяндамасынан үзінді:
“Білім беру ұйымдарын басқару, яғни директорлық мәселесі аз айтылып жүрген жоқ. Биыл облыста 224 білім беру ұйымының басшылары ротацияланады. Жауапкершілігі жоғары қызметтің жетілдіру керек тұстары да бар. Бұл бойынша жұмыстарды бастап кеттік. Қамқоршылар кеңесі қайта құрылып, аттестациядан өткізу жұмыстары қолға алынып, білім беру ұйымдарының басшыларына жетістігін бағалайтын KPI қойылады».