ТҮРКІСТАН: «Театрдың ғажайып әлемі» театр өнерінің облыстық фестиваль-байқауы

Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасына қарасты «Облыстық қосымша білім беруді дамыту» орталығының ұйымдастыруымен

«Театрдың ғажайып әлемі» театр өнерінің облыстық фестиваль-байқауы кеше Түркістан қаласы, «Ақжайық» музыка мектебінде өтті.

Фестиваль-байқау жеңімпаздары:

І орын Бәйдібек ауданы О.Тайманов балалар өнер саз мектебінің оқушылары 120 000 теңгелік сертификат;

ІІ орын Түлкібас ауданы, Ә.Молдағұлова атындағы жалпы орта мектебінің оқушылары;

ІІІ орын Шардара ауданы, М.Қалмырза мамандандырылған дарын мектеп интернатының оқушылары иеленді. Жеңімпаз оқушылар дипломмен, ал, жетекшілері Алғыс хатпен марапатталды. Номнациялар:

«Үздік ер адам ролі» Сұлтанбай Дәулет Кентау қаласы, С.Қожанов атындағы мектеп оқушысы. «Үздік образды актерлық бейнелеу» Алагужаев Рагиф Кентау қаласы Ю. Гагарин мектебінің оқушысы,

«Үздік әйел адам ролі» Шардара ауданы, Шардара дарын мектеп интернаты оқушысы Тайшагор Арайлым.

Көркем сөз номинациясы Бимағанбет Нұрисламбек Сауран жалпы орта мектебінің оқушысы. Номинация жүлдегерлеріне 10 000 тг қаржылай сыйақы берілді.

Байқау қорытындысы бойынша Бәйдібек ауданы О.Тайманов балалар өнер саз мектебінің оқушылары І орын жеңімпазы атанып, Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен өткізілетін онлайн кезеңге жолдама алды.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.