ТҮРКІСТАН: «Тиімді әдіс-тәсілдер — сапалы сабақ кепілі» семинары

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауларының бірінде қала мен ауыл мектептері арасындағы орта білім сапасының алшақтап бара жатқанын айтқан болатын. Бұл мәселеге Түркістан облысына қарасты Төлеби ауданында ерекше көңіл бөлінген.

Қала мен ауыл мектептеріндегі білім сапасын теңестіру мақсатында әзірленген жоспарға сәйкес, Ленгірдегі №1 мектеп-гимназияда шағын жинақты мектептердің бастауыш сынып мұғалімдерінің қатысуымен «Тиімді әдіс-тәсілдер — сапалы сабақ кепілі» атты семинар өтті.

Семинарды мектеп-гимназия педагогы Н.Құрбанова бастауыш сынып оқушыларының оқу сауаттылығын арттыруда оларды өз бетімен жұмыс жасауға дағдыландыру мақсатында семинар аясында ашық сабақ өтті. Ал «Жаңа технологиялар мен түрлі әдіс-тәсілдер арқылы оқушылардың білім сапасын арттырудың жолдары» тақырыбында ұйымдастырылған шеберлік сыныбына қатысушылар мұғалім Б.Орынбекованың озық тәжірибесімен танысты.

— Ауданымыздың аумағындағы қала мен ауыл мектептеріндегі білім сапасын теңестіру мақсатында жүйелі түрде жұмыстар атқарылуда. Жоспарға сәйкес, Төлеби ауданының мамандандырылған мектеп-интернатының, №1 мектеп-гимназияның тәжірибелі ұстаздары оқу жылы барысында аудан аймағындағы шағын жинақты мектептердің педагогтарына әдістемелік көмек, қолдау көрсетіп отырады. Мұның нақты бір көрінісі – жақында аталған мектеп-гимназияда «Ашық есік күні» іс-шарасының ұйымдастырылуы. Бұл шараға аудандағы шағын жинақты мектептерде химия, ағылшын тілі пәндерін оқытатын мұғалімдер қатысты. Осы педагогтар үшін мектеп-гимназияның ұстаздары А.Жақсыгелдиева, З.Жаңабаева кіріктірілген ашық сабақтар өтіп, мол тәжірибесімен бөлісті. Жалпы, ауданымыздың мектептері арасындағы білім сапасының алшақтығын жою жұмыстары жалғасын таба бермек, — дейді жауапты маман, Төлеби аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің әдіскері Гүлзинат Рүстенбек.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.