ТҮРКІСТАН: ТҮРКІСТАНДА ҚАЗЫБЕК БИ БАЙҚАУЫ ӨТТІ

Бүгін Түркістан қаласында тұңғыш рет қалалық “Қазыбек би оқулары” байқауы өтті. Қаз дауысты Қазыбек Келдібекұлының 355 жылдығына орай ұйымдастырылған сайыс үш кезеңнен тұрды. Байқауға “Қазыбек би қорының” төрағасы Пернетай Досыбеков арнайы қатысып, барлық үміткерлерге сәттілік тіледі. 1-кезең бойынша оқушылар эссе жазса, екінші кезеңде қылқаламды сөйлетуге тырысып бақты. Ал, үшінші кезең бойынша өнерлі шәкірттер би-шешендердің қанатты сөздерін образды түрде көркем сөз оқу арқылы жеткізу үшін бар өнерлерін ортаға салды. Түркістан қаласы адами әлеуетті дамыту бөлімінің әдіскері Тоғжан Кенжебаеваның айтуынша, байқауды жыл сайын дәстүрлі түрде өткізу жоспарға енгізілген. Сайыс қорытындысында шешендік сөздерді мәнерлеп оқу, сурет салу, эссе жазу кезеңдері бойынша №14 Қазыбек би ЖОМ, №1 А.Байтұрсынов және №4 С.Сейфуллин атындағы мектеп-лицейінің, №18Ж.Еділбаев атындағы мектеп-гимназиясының оқушылары жүлделі орындарды иеленді

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

1 Comment

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.