Бүгін 1- қыркүйек Білім күніне орай Түркістан қаласындағы №19 жалпы орта мектебінде алғашқы қоңырау соғылды.
«Терең білім, еңбекқорлық және отаншылдық қасиет» тақырыбындағы шараға Түркістан облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысы Дінислам Болатханұлы, Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбеков, қалалық адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы Оразкүл Шайхықызы арнайы қатысты.
Мерекелік жиын барысында Түркістан қаласының Құрметті азаматтары — Жарылқасын Әзіретбергенов пен Жарқынбек Құлбайымбетов зейнеттегі ұлағатты ұстаз ретінде оқушыларға ақ тілектерін арнады.
Айта кетейік, жалпы облыс орталығында 34 мемлекеттік, 19 жекеменшік мектеп, 110 мектепке дейінгі және 7 қосымша білім беру ұйымдары өз жұмысын бастайды. 2022-2023 жаңа оқу жылында 6250 бүлдіршін мектеп табалдырығын аттады. Ал, 2643 оқушы бітіруші түлек атанып отыр.