ТҮРКІСТАН: ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА «Е-АСХАНА» ЖҮЙЕСІ ІСКЕ ҚОСЫЛМАҚ

Түркістан қаласында «Е-Асхана» пилоттық жүйесін іске қосу мақсатында №19 Төле би атындағы жалпы орта мектебі мен №28 мектеп-лицейі таңдалып алынды. Жобаның тиімділігі — балаңыздың мектепте қандай сусын немесе тағам тұтынғанын ұялы телефоныңыздағы қосымша арқылы көре аласыз.

Пилоттық жобаны егжей-тегжейлі түсіндіру үшін аталған мектептерде кездесу өтті. Жиынға мектеп директорлары мен ата-аналар қатысып, көпшілігі жүйенің тиімділігі жоғары екендігіне сенімді. Жоба жүзеге асырылса, ұл-қызының мектеп асханасынан сатып алған асты қадағалап, тіпті күнделікті қаражат беру шегін белгілеуге болады.

«Жүйенің пайдасы орасан екені көрініп-ақ тұр. Арнайы мамандар мектептерде құрылғыларды таныстырды. Түркістандық балалар цифрлық жүйеге үйренуі керек. Жалпы қалалардағы мектептерде орнатылған жүйе Республикамызда көң көлемде танылып, қолданыста»,- дейді Түркістан қаласы адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы Оразкүл Қолдасова.

Е-асхана менеджері Әлібек Қалдыбековтің айтуынша, ата-ана баланы жүйеге тіркегеннен соң QR-код беріліп, баланың күнделікті тамақтануына арнап ай сайын немесе күн сайын мүмкіндігіне қарай ақша салып қояды. Оқушы асханаға QR-код арқылы төлем жасайды. Тиісінше, ата-аналары баланың қандай тағам мен сусын алғанын, бағаларын, құрамын бақылауда ұстау мүмкіндігі бар.

https://youtu.be/bjiY5wODT0A

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.