ТҮРКІСТАН: “Ұстаз-ұлағатты есім” тақырыбындағы мерекелік іс-шара өтті

ҰСТАЗ-ҰЛАҒАТТЫ ЕСІМ

Түркістан облысы, Мақтаарал ауданында ұстаздар күніне арналған “Ұстаз-ұлағатты есім” тақырыбындағы мерекелік іс-шара өтті.

Мақтаарал ауданының әкімі Бақыт Асанов, аудандық мәслихаттың төрағасы Қадыр Сәрсекбаев, облыстық маслихаттың депутаты Ұлжанат Джурымбетова, Мақтаарал ауданының бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Алданияз Жолдасов және Мақтаарал ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы Мұратбек Серикбаев қатысып, білім саласында еселі еңбек етіп жүрген ұстаздарды құттықтап, жүрек жарды тілектерін жолдады.

“Алты алаштың басы қосылса, төрдегі орын ұстаздікі” деген М.Жұмабаев атамыз айтқандай осынау қиында, қызықты қызметте бала жанының бағбаны атанған мұғалімдерді төл мерекелерімен құттықтаймыз. Аппақ парақтай бала жаны ұстаздардың мейірімін жүрекпен сезеді. Оқушыларға сапалы білім мен саналы тәрбие беріп жүрген тәлімгерлер бүгінгі сепкен дәнінің болашақта жемісін жейді. Мерейлі мерекеде ұстаздардың марапатталғаны әріптестеріміз үшін үлкен қуаныш болды.

Шараның негізгі бөлігінде ауданның ұлағатты ұстаздарынан құралған фольклорлық ансамблі өнерлерін көрсетті. Мерекелік іс-шараға білім беру ұйымдарындағы өнерлі шәкірттердің және ұстаздардың коцерттік бағдарламасы қонақтарды әсерлі көңіл күйге бөледі.

Құрметті ұстаздар! Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймыз.

 

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

1 Comment

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.