ТҮРКІСТАН: «ТҰТАС БАЛА БЕЙНЕСІ — ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІ ҰЛТ ТӘРБИЕСІ»

Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының «Білім беруді дамыту орталығының» мектепке дейінгі әдіскері Забира Кеутаева мен психолог маманы Балзада Омаровалар Әдістемелік орталықтың жылдық жоспарына сай Мақтаарал ауданынында мектепке дейінгі ұйым педагогтері мен ата-аналарына арналған «Тұтас бала бейнесі — ұрпақ тәрбиесі ұлт тәрбиесі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 8 тамыздағы «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» №345 Заңының 9-тарау, 48-бабы, 1 тармақшасында «Құқыққа қарсы әрекет жасаған бала Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады» деп көрсетілген. ҚР 02.07.2008 жылғы «Балалардың денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау туралы» №169 «Заңына сәйкес жасөспірімнің ғаламтордағы қауіпсіздігін сақтау жайлы келеңсіз жағдайдан балаңызды қорғау» жөнінде «Зейін жетіспеушілігі мен гипербелсенділік синдромы бар баланың ерекшеліктерін бақылау және дамыту» арқылы қолдау туралы да ата-аналармен сұқбат жүргізіп, түрлі сұрақтармен бөлісті. Ата-анаға кеңестер берді.

ЕСКЕРТУ:

  1. Баланың көшеде бейтаныс адаммен сөйлесуіне және үйге кіргізуіне болмайтындығын ескертіңіз.
  2. Үлкендерсіз автокөлікке отыруға, подъезд және лифтіге немесе таныс емес орындарға баруға, бейтаныс адамдардан сыйлық алуға, үйіне шақыруы жайлы ұсынысын қабылдауға болмайтындығын есіне салып отырыңыз.
  3. Көрші не алыс туыстар болған жағдайдың өзінде де «Қатерлі топпен» байланыс жасауға болмайтындығын ескертіңіз (маскүнемдер, нашақорлар, сотталғандар және т.б.).
  4. Қауіп – қатер туған жағдайда өз – өзін осылай ұстау ұятты емес, қажетті екендігін түсіндіріңіз!
  5. Қажеттілігіне қарай «ЖОҚ» деп жауап беруді үйретіңіз. Сөз соңында ата-аналар мен педагогтар өз ұсыныстарын айтып, осындай отырыстар , кеңестер жиірек ұйымдастырылса деген тілек білдіріп тарқасты.
Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.