ТҮРКІСТАН: «Тұран скауттары әскери патриоттық қозғалысы» слеті өтті

«Тұран скауттары әскери патриоттық қозғалысы» слеті басталды. Іс-шара 08-11 қараша аралығында Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасына қарасты «Облыстық жас туристер станциясы» КММ-нің директоры Сәуле Өмірсерікқызының басшылығымен Түркістан облысы, Төлеби ауданы, Біркөлік шатқалында орналасқан туристік-спорттық лагерінде өтуде.

Скауттар өзара тәжірибе алмасып, күштерін сынайды, скауттар қозғалысын қалыптастыру элементтерін үйренеді. Слет аясында бағдар алу және туристік кедергілер жолағынан өту элементтері бар, спорттық және танымдық ойындар, кешкі шаралар ұйымдастырылады.

Жарысқа «Облыстық жас туристер станциясы» КММ-не қарасты қала, аудандық бөлімдердің құрама топтарынан жалпы саны 150 үйірмеші қатыстырылды.

Басты мақсат — оқушылардың туристік ептіліктері мен шеберліктерін арттырып, топтар арасынан үздік туристік топтарды анықтау. Балалар құтқару жұмыстарын үйреніп ғана қоймай, төтенше жағдай кезінде зардап шеккен жағдайда алғашқы көмек көрсетуді үйренеді. Нәтижесінде, скауттар қозғалысының шеберліктерін меңгереді.

Қатысушылар «Скауттық барлау», «Туристік кедергілер жолағы», «Жас скаутшылардың ұраны мен саптық жүрісі» сынды сайыстармен бақ сынасады.

Барлық қатысушыларға сәттілік тілейміз!

Ad Widget

Recommended For You