ТҮРКІСТАН: «Тұран скауттар әскери патриоттық қозғалысы» слетінің жабылу өтті

Бүгін Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасы «Облыстық жас туристер станциясы» КММ-нің Төлеби ауданы, Біркөлік шатқалындағы туристік-спорттық лагерінде «Тұран скауттар әскери патриоттық қозғалысы» слетінің жабылу салтанаты өтті.

Слеттің жабылу салтанатында «Облыстық жас туристер станциясы» КММ-нің директоры Сәуле Өмірсерікқызы барлық қатысушылар мен жетекшілерге алғысын білдіріп, жеңімпаз топтарды құттықтады.

«Скауттық барлау» және «Туристік кедергілер жолағы» кезеңдері бойынша:

І орын – Төлеби ауданы, «Төлеби 1» тобы, жетекшілері Баймусаев Ғалымжан, Оразбек Демеу.

ІІ орын – Сауран ауданы, «Қызыл әскер» тобы, жетекшісі Мантай Әділбек

ІІІ орын – Түркістан қаласы, «Эверест» тобы, жетекшісі Мәшүр Серік, Усерова Гулдана.

«Жас скаутшылардың ұраны мен саптық жүрісі» кезеңі бойынша:

І орын – Отырар ауданы, «Отырар» тобы, жетекшісі Жүнісбеков Наурызбай

ІІ орын – Созақ ауданы, «Созақ» тобы жетекшісі Джанкоразова Лаура

ІІІ орын – Қазығұрт ауданы, «Қазығұрт» тобы жетекшісі Балабай Ғанизат

Бивуакты ұйымдастыру (сұрақ-жауап) кезеңі бойынша:

І орын – Сайрам ауданы, «Сайрам 1» тобы, жетекшісі Райымбек Бинур

ІІ орын – Жетісай ауданы, «Жетісай» тобы, жетекшісі Ауелов Айдос

ІІІ орын – Келес ауданы, «Келес» тобы, жетекшісі Рысжанова Замира

Слеттің жеңімпаз топтарына дипломдар мен сыйлықтар табысталып, жетекшілері Алғыс хаттармен марапатталды.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.