ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИ АУДАНЫНЫҢ ОҚУШЫСЫ ЕРКЕНҰР ХАСАН «THE PLANET OF ART-2022» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФЕСТИВАЛЬ ЖЕҢІМПАЗЫ АТАНДЫ

Алматы қаласында ЮНЕСКО аясында ұйымдастырылған «The Planet of ART – 2022» атты халықаралық фестивальға Түркістан облысының Төлеби аудандық балалар көркемсурет мектебінің оқушысы Еркенұр Хасан қатысып, жеңімпаз атанды. Оның фитивальда салған суреті бірегей бейнелеу өнері туындысы деп танылып, арнайы жинаққа енді.

Фестивальға қатыушылар әлемнің әр түкпірінен келіп бақ сынаған. Үздік деп танылған 45 суретші жеңімпаз атанған. Еркенұрдың жетекшісі – аталмыш мектептің педагогы Ботагөз Биболова.

Төлеби аудандық балалар көркемсурет мектебі халықаралық фестивальде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту вице-министрі, Қазақстандық ұлттық ЮНЕСКО клубтары федерациясының вице-президенті Ғани Бейсембаевтың Алғыс хатына ие болды. Сондай-ақ көркемсурет мектебі директорының орынбасары Гүлсәбира Бекетоваға халықаралық фестивальді ұйымдастыруға белсене қатысқаны үшін арнайы алғыс білдірілді.

Облысымыздың мерейін үстем еткен Еркенұр мен оның ұстазын халықаралық деңгейде даралануымен құттықтаймыз!

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

4 Comments

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.