ТҮРКІСТАН: ТӨРТ ҚАҚПАЛЫ ТҮРКІСТАННЫҢ XVIII ҒАСЫРДАҒЫ КАРТАСЫ

XVIII ғасырдағы Түркістан қаласының картасын еуропалық жиһанкездер К.Миллер мен Д.Г.Мессершмидтің экспедициясы салған. Сызбаға Тәуке ханның мөрін бастырып алған.

Картада мешіттер христиан храмдарының белгісімен берілген. Түркістанның қамалдары, Қожа Ахмет Яссауи кесенесі, керуен-сарайы, хан ордасы, айнала аққан өзен мен 4 қақпасы да анық көрсетілген.

Сызба К.Миллер мен Д.Г.Мессершмидтің 1743 жылғы құжаттарынан алынған. Құжат кейін Еуропа архивінен табылып, көшірмесі елге әкелінген. Мұражай қызметкерлерінің айтуынша, қала тарихта «Төрт қақпалы Түркістан» аталыпты. Яғни, «Мүсәлла», «Тақия», «Жеті ата», «Дарбаза» атты төрт қақпасы болған. Картада осы төрт қақпа толық сипатталған.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.