Түркістан облысы, Түлкібас ауданында ел мерейін үстем етіп, топ жарып жүрген спортшылар аудан әкімі Нұрлан Байғұтпен кездесті. Кездесуде «Асық ату» спортынан Румыния елінде өткен әлем кубігінің жеңімпазы жерлесіміз Қарабаев Алмас әкімнің ерекше құрметіне ие болды.
Ауан әкімі халықаралық аренада еліміздің абыройын асқақтатып келген спортшылармен сұхбат құрып, жеңістерімен құттықтады. Бұл жеңіс Түркістан облысының ғана емес, еліміздің жеңісі екенің тілге тиек етіп, Алмас Оңласынұлы мен шәкірттеріне алдағы байрақты бәсекелерде сәттілік тіледі.
Айта кетейік, Түлкібас ауданы А.С.Пушкин атындағы мектеп-лицейінде денешынықтыру пәнінің мүғалімі қызметін қатар алып жүрген Қарабаев Алмас Оңласынұлы ұлттық құрама командасының капитаны ретінде көптеген жарыста топ жарған. ҚР кубогы мен чемпионатының бірнеше дүркін чемпионы әрі жүлдегері. Бүгінде Алмас бапкер ретінде де өзін дәлелдеген. Оның шәкірттері асық және бес асық ату спорт түрлерінен ҚР чемпионатының және ұлттық ойындарының чемпиондары.