ТҮРКІСТАН: ШАҒЫН ФУТБОЛДАН ОБЛЫСТЫҚ ЖАРЫСТЫҢ АЙМАҚТЫҚ КЕЗЕҢІ ӨТУДЕ

Түркістан облысы әкімінің кубогі үшін шағын футболдан 5-11 сынып оқушылары арасындағы (ұлдар арасында) Облыстық жарыстың аймақтық кезеңі өтуде.

9- қараша күні Сарыағаш ауданында өткен аймақтық жарыста 3 жас ерекшелік бойынша Облыстық кезеңге жолдама алған аудандар:

5-6 сынып

1.Жетісай ауданы.

2.Мақтарал ауданы.

7-8 сынып

1.Сарыағаш ауданы.

2.Жетісай ауданы.

9-11 сынып

1.Сарыағаш ауданы.

2.Жетісай ауданы.

10-қараша күні Түлкібас ауданында өткен аймақтық жарыста 3 жас ерекшелік бойынша Облыстық кезеңге жолдама алған аудандар:

5-6 сынып.

1.Түлкібас ауданы.

2.Төлеби ауданы.

7-8 сынып

1.Түлкібас ауданы.

2.Бәйдібек ауданы.

9-11 сынып

1.Түлкібас ауданы.

2.Бәйдібек ауданы.

Сонымен қатар 11-қараша күні Арыс және Түркістан қалаларында Облыстық жарыстың аймақтық кезеңдері өтеді, осы екі аймақтың 24 командасынан 12 команда іріктеліп, Облыстық кезеңге жолдама алатын болады.

Айта кетейік, Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасың «Облыстық қосымша білім беруді дамыту орталығының» ұйымдастыруымен дәстүрлі түрде өткізіліп келе жатқан облыстық кезеңде аудан, қалалардан 24 команда, жалпы есебі 300-ге жуық оқушы қатысып, ширек финалда 12 команда бақтарын сынамақ.

Облыстық ақтық жарыс 21-23 қараша күндері Түркістан қаласында өткізу жоспарлануда.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.