ТҮРКІСТАН: «Ясауитану» Республикалық байқауының облыстық кезеңі басталды

Бұл дәстүрлі сайыс Түркістан қаласындағы Н.Оңдасынов атындағы мамандандырылған мектеп-интернатында өтуде.

Байқау мақсаты — қазақ халқының рухани тұтастығын қалыптастырған Қожа Ахмет Ясауи бабамыздың хикметтерін насихаттау. Байқауға 6-10 сынып аралығындағы оқушылар қатысуда.

Байқау 2 кезеңнен тұрады.

І. Оқушылардың хикметтерін қаншалықты деңгейде игергендігін, зейін мен зерде қабілетін сынға салу.

ІІ. Әзірет Сұлтан Қожа Ахмет Ясауидің өмірі, шығармашылығы, хикметтегі ұғымдар, кесененің және ондағы жәдігерлердің тағылымдық мәні жайлы қатысушылардың білімдерін сарапқа салу, оқушылардың ойлау деңгейін, хикметтердегі рухани ұғымдарды қаншалықты түйсінгендігін айқындау.

Облыстық кезеңге 17 аудан мен мамандандырылған білім беру ұйымдарынан жалпы саны 50 оқушы қатысып бақтарын сынауда.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.