
Қаламызда Қазыбек би Келдібекұлының 355 жылдығына орай 1 ай көлемінде өткізілген іс шараларды қорытындылау мақсатында қалалық Түркістан Оқушылар Сарайы жиын болып өтті. Қазыбек би қоры мен қалалық Адами Әлеуетті Дамыту Бөлімі әдіскері Тогжан Кенжебаева ханым бірлесе ұйымдастырған бұл іс шарада ай көлемінде өткізілген іс шараларда белсенділік танытқан ұстаздар мен шәкірттер марапатталды. Атап айтқанда: «Қазыбек би оқулары» байқауында жүлде алған шәкірттер мен жетекшілері марапатталды. Бұл байқауда бас жүлдені иеленген мектебіміздің мақтаныштары Шарафуддин Мансұр мен Баймағамбетов Заңғарға қордың арнайы қаржылай сыйлығы табысталды. «Қазыбек би » оқулары» байқауының өтілуіне үлес қосқан мектебіміздің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ақжарқын Нұржанова мен Ардак Ибрагимова ұстазымыз да марапатталды. Іс шараға арнайы Қазақстанның түкпір-түкпірінен Қазыбек би бабамыздың ұрпақтары қатысқан бұл жиында қаламызда атқарылып жатқан игі істер аталып өтілді. Сонымен қатар жиын барысында шәкірттер Қазыбек би Келдібекұлының шешендік сөздерін жатқа айтып, оқушылар сарайының өнерпаздары ән мен жырдан шашу шашты.