ТҮРКІСТАН: «ҮЗДІК ТӘЛІМГЕР-2022 » АУДАНДЫҚ БАЙҚАУЫ ӨТТІ

Түлкібас аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімі әдістемелік кабинетінің 2022– 2023 оқу жылының жоспарына сәйкес, қараша айының 17-18 күндері аралығында Лермонтов, Жанкент атындағы жалпы орта мектептерінде аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімі әдістемелік кабинетінің тәрбие әдіскері А. Бурлибаеваның ұйымдастыруымен «Үздік тәлімгер-2022» атты аудандық байқауы өткізілді.

Байқаудың басты мақсаты — «Жас Ұлан «балалар қозғалысын дамыту, аға тәлімгердің қызмет мәртебесін арттырып,

шығармашыл аға тәлімгерлердің жұмысын анықтау, оларды марапаттау, қолдау көрсету.

Сондай-ақ, атаулы іс-шарада тәлімгердің кәсіптік шеберлігін арттырып қана қоймай, мамандарды ынтыландыру көзделген. Осылайша, білім беру ұйымдарындағы аға тәлімгердің кәсіптік және жеке дамуына қолдау жасалады. Балалар мен жасөспірімдерді қоғамдық қызметке тәрбиелеудің әдіс-тәсілдері, түрлері мен тиімді жолдары да анықталды.

Байқауға қатысушылар алғашқы кезеңде “Біргеміз, берік іргеміз «балалар ұйымын креативті таныстырды. Екінші кезеңде тәлімгерлік қызметін көрсетті. » Мен-болашақ ұрпақ тәлімгерімін» атты қорытынды кезеңде үй тапсырмасы музыкалық-шығармашылық өнерлерімен көрермендерге ерекше ықылас сыйлады.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.