ТҮРКІСТАН: «ҮКІЛІ ҮМІТ» ӨНЕР ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ

Түркістан облысы, Төлеби ауданының 90 жылдығына, Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздерінің 30 жылдығына орай мүмкіндігі шектеулі дарынды да өнерлі балалар мен жасөспірімдерді анықтау, олардың шығармашылықтарына қолдау көрсету, өмірге деген құштарлығын арттыру мақсатында «Төлеби аудандық мәдениет үйі» МКҚК-да мүмкіндігі шектеулі балалар арасында аудандық «Үкілі Үміт» өнер фестивалі өтті.

Фестивальде «Үздік орындаушы» номинациясы бойынша Ұлас Рысқұлбек, «Үздік жасампаз» — Севинч Акилова мен Бердібек Мадяр, «Үздік би» номинациясы бойынша қатысқан би туындысы «Алаш Ұлдары» (10 оқушы) қатысып, ІІ – дәрежелі дипломдармен марапатталды.

Осы жылдың тамыз айында Қостанай қаласында өткен грек-рим күресінен есту қабілеті төмен жасөспірімдер арасында аталған мектеп-интернат тәрбиеленушісі Асқар Дарын, Қазақстан Республикасының чемпионатында (45 келі салмақта) І орын, еркін күрестен ІІ орын иеленді.

«Тілінде ауыр кемістігі бар балаларға арналған Ленгір көмекші мектеп-интернаты» КММ.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.