ТҮРКІСТАН: «Үздік педагог-2022» республикалық байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімін өткіздік

Биыл еліміздің әр өңірінен қатысқан мектеп, балабақша және колледждің 5 491 мұғалімінің 64-і үздік атанды. Педагогтің барлығына 3 млн теңгенің сертификаттары мен төсбелгілер табыс етілді.

Биыл байқауға қатысуға 5,5 мың өтініш түсіп, рекорд орнатылды. Бұл цифрлы шешімдердің арқасында мүмкін болды.

Себебі мұғалімдер өтінішті онлайн беруге, оның қай кезеңде екенін, сарапшылардың қандай ұпай қойғанын және т.б. бақылауға мүмкіндіктер алды. Сондай-ақ жаңа формат әр мұғалімге алдын ала іріктеуден өтпей-ақ, конкурсқа қатысуға өз бетінше өтініш беруге мүмкіндік берді. Бұл шаралар ашықтық пен объективтілікті қамтамасыз ету үшін қажет болды.

Онымен қоса биыл мұғалімдер ашық сабақтар өткізді. Олар да байқау аясында бағаланды.

Биыл жас мұғалімдер санының көбейгені байқалады. Мектеп мұғалімдері арасында пәндер бойынша бастауыш сынып (849 адам), қазақ тілі мен әдебиеті (800 адам), ағылшын тілі (507 адам) және математика (433 адам) мұғалімдері басым.

Конкурсты өткізу жүйесін қосымша жаңартуды жоспарлап отырмыз. Атап айтқанда, біз қатысушылардың кейбір деректерін автоматты түрде алу үшін ҰБДҚны (НОБД) АЖ-мен кеңірек интеграциялауды жоспарлап отырмыз. Сондай-ақ белгілі бір талаптарға сәйкес қажетті құжаттар қоса тіркелетін форматты-логикалық бақылау кең жиынтығын қосамыз. Себебі мұғалімдер 50-ден астам түрлі сертификатты жүктеген жағдайлар да болды.

Айтпақшы, желтоқсанда мұғалімдердің барлық жетістігі мен ақпараты орналастырылатын мұғалімнің цифрлы профилі пилоттық режимде іске қосылады.

Бос орындар конкурсына қатысу, аттестация үшін құжаттарды тапсыру, «Жыл мұғалімі» ретінде конкурстар, курстарға қатысуға сұраныс жасау қажет болады, ал кейін өтініш автоматты түрде қалыптасады. Барлық қолжетімді және қажетті деректер ҰБДҚ-дан, яғни Ұлттық білім беру деректер қорынан алынады. Профиль педагогтерге түрлі қызметтерді алуға көмектесетін бірыңғай жүйе болмақ.

Барлық әріптесімді жеңіспен тағы да құттықтағым келеді. Сіздерге жаңа жетістік, зор денсаулық және амандық тілеймін.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.