ТҮРКІСТАН: «ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ЖЕТІ ҚЫРЫ» ОБЛЫСТЫҚ ФОТО КӨРМЕСІ ӨТТІ

Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы, «Оңтүстік жастары» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы аясында Түркістан облысының салт — дәстүрін, әдет — ғұрыпын, қасиетті мәдени сәулеттік ескерткіштерді тарихи орындар мен ұлттық өнерімізді насихаттау мақсатында фото көрме өткізілді. Көрмеге Түркістан облысының 17 аудан, қалаларынан талантты фотосуретшілер қатысты. Фото өнері бойынша өзара тәжірибе және пікір алмасуды жүзеге асыру, фотосуретшілер арасында достық байланыстарын орнату, нығайту, сондай – ақ жергілікті мекеннің географиялық ерекшеліктерін, тұрмыс – тіршілігін тарихи кезеңдерін т.б. суреттейтін, ашық аспан астындағы фото көрме жоғарғы деңгейде ұйымастырылды.

Облыстық көрмеге Шардара аудандық білім бөліміне қарасты «Шардара» мектеп – лицейіміздің оқушысы Майлыбаева Альмира өз туындысын апарып, фото көрмеге белсенділік танытқаны үшін Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының басшысы А.Ж.Өсербаев мырзаның «Алғыс хаты» және ынталандыру (100000 теңге) сыйлығымен марапатталды. Айта кетейік, таланнты оқушының жетекшісі — Гулшат Туяқова.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.