ТҮРКІСТАН: «ҰЛЫ ДАЛА ЕЛІ» ОРТАЛЫҒЫНДА АРДАГЕР ҰСТАЗДАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

29 қыркүйек күні Түркістан облысы мәдениет басқармасының «Ұлы дала елі» орталығында 1 қазан — Қарттар күні және ұстаздар күніне орай мерекелік шара өтті. Шараға Түркістан қаласындағы Мәншүк Мәметова атындағы №6 жалпы орта мектептің ұстаздары, сонымен қатар зиялы қауым өкілдері қатысты.

Шара барысында «Біз де жас болғанбыз» атты сахналық қойылым көрсетілді. Қойылым желісі жастық шағын еске алған екі ардагер ұстаздың сағынышы туралы. Ерекше ықыласпен тамашалаған кешке қатысушылар өз әсерлерімен бөлісті. Сондай-ақ 80-90 жылдардағы ретро әндерді бірге орындап, би биледі.

«Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» деп ұлы ақын Абай Құнанбайұлы айтқандай ұстаздың рөлі ерекше. Ардагер ұстаздар өмір жолындағы естеліктерімен бөлісіп, жас ұстаздарға ақ жол тіледі. Шара соңында орталық басшысы Гүлжанат Дюсенбаева құттықтау сөз сөйлеп, ардагерлерге құрмет көрсетті.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.