ТҮРКІСТАН: “ҰСТАЗДАР” КҮНІ ҚАРСАҢЫНДАҒЫ ІС-ШАРАЛАР ЛЕГІ

Ұстаздар күн мерекесі аясында “Ұстаз жолы — ұлы жол” тақырыбы аясында Түркістан облысы адамм әлеуетті дамыту басқармасы өңірлік коммуникациялар орталығында брифинг берді. Басқарма басшысының орынбасары Нұржан Нұрлыбаев спикер ретінде, БАҚ өкілдеріне мерекелік шаралар легімен таныстырды.

Түркістан облысында «Ұстаздар күні» мерекесі аясында бірқатар іс-шаралар жоспарланып, өткізілуде.

Атап айтқанда Түркістан қаласындағы «Балуан Шолақ» спорт кешенінде қыркүйек айының 26,27 күндері облыс педагогтері арасында алғаш рет «Ұстаз барысы» өткізілді.

Сонымен қатар аудандық/қалалық адами әлеуетті дамыту бөлімдеріне қарасты білім беру ұйымдарының оқушылары арасында «Менің алғашқы ұстазым» эссе байқауы

«Жастардың көшбасшылық қабілеттерін дамыту арқылы білім сапасын арттыру» тақырыбында республикалық жас мұғалімдер форумы

EDCRUNCH Academy «Ұлы дала мектебі» жобасының аясында Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысы Дінислам Болатханұлының облыс педагогтерімен кездесуі өткізілді.

Сондай-ақ «Бір мезет естелік» тақырыбында Түркістан облысы білім саласының ардагер ұстаздарымен сұхбаттар ұйымдастырылып, мерекелік құттықтаулар жүргізіледі.

Қазан айының 3 жұлдызы күні Түркістан облысы әкімі Сатыбалды Дархан Амангелдіұлының қатысуымен «Ұстаз жолы – Ұлы жол» мерекелік апталықтың қорытынды мерекелік концерті өтеді.

Түркістан облысының барша ұстаздар қауымын мерекемен шын жүректен құттықтаймыз! Отбасыларыңызға береке, еңбектеріңізге шығармашылық табыстар тілейміз!

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

1 Comment

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.