
Түрістан облысына қарасты Төлеби ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен Ленгір қаласындағы мәдениет үйінде Мұғалімдер күні мерекесіне арналған іс-шара өтті. Мерекеге шақырылған ұстаздарға мәдениет үйінің фойесінде білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Төлеби аудандық комитетінің тарапынан сыйлықтар тапсырылды. Сондай-ақ ұстаздар мерекесінің құрметіне мәдениет үйінде аудандық оқушылар үйі және аудандық балалар көркемсурет мектебі оқушыларының шығармашылық көрмесі ұйымдастырылды.
Одан өзге, мерекемен құттықтау мақсатында ұстаздар мен олардың шәкірттері туралы тартымды бейнеролик көрсетілді. Кездесуде аудандық және қалалық балалар саз мектептерінің ұлт-аспаптар оркестрі өнер көрсетті. Сонымен қатар, бір топ мектеп оқушылар мұғалімдердің еңбегі жайлы өлеңдерді тебірене оқыды. Шарада алғы сөз алған Төлеби ауданы әкімінің орынбасары Дүйсебаев Сержан Дауылбайұлы педагогтарға құттықтау сөзін арнап, ардагер ұстаздарға «Төлеби ауданына – 90 жыл» төсбелгісін табыс етті. Өзге мұғалімдерге Түркістан облысының әкімі Дархан Амангелдіұлының Алғыс хатымен марапатталды. Шара соңында Төлеби аудандық мәслихатының хатшысы Нұрлан Хамзаұлы ұстаздарға жоғарыда аталған мерейтойлық төсбелгіні, мәслихаттың Құрмет грамотасын тапсырды