
Түркістан қаласындағы Оқушылар сарайында «Атадан мұра» қоғамдық қорының, бүлдіршіндер, мектеп оқушылары мен жасөспірімдер арасында ұйымдастырылған «Ұлы дала ұрпағы» V Республикалық байқауында «Вокал» номинациясы бойынша үздік өнер көрсеткені үшін Қазығұрт ауданы адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты «Қызылдала» жалпы орта мектебінің 7-сынып оқушысы Сұлтан Айтжан Маратұлы «І DAREJELI LAYREAT» дипломы мен 3-сынып оқушысы Кадірбек Айару Әлимханқызы «ІІ DAREJELI LAYREAT» дипломымен марапатталып, жетекшілері Б. Раймбекова, П. Мырзаева Алғыс хаттармен марапатталды.