
Ұстаз болу – жүректің батырлығы,
Ұстаз болу – сезімнің ақындығы,
Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,
Азбайтұғын адамның алтындығы! — деген өлең жолдарын оқығанда
тебіренбейтін жүрек толқымайтын кеуде барма екен сірә? «Ұстазы жақсының –ұстамы жақсы» деп ғажайып дүниенің сырын ашқан, өмірдің қыр-сырын меңгеретін де ұлық тұлғалар. Ендеше ұстаз білімнің отын жағып, бал-шырын нәрін шәкірт бойына сіңірудің әдіс-тәсілдерін жетік меңгерген мұғалім болу-адам бойындағы ұлы қасиет. Т.Тәжібаев атындағы отбасы үлгісіндегі балалар ауылында «Ұстаз – ұлы тұлға» атты мерекелік іс-шара өткізілді. Балалар ән айтып, би билеп, өз өнерлерін көрсетті.