ТҮРКІСТАН: ӘДІСТЕМЕЛІК БІРЛЕСТІК ЖҰМЫСЫН ЖОСПАРЛАУ ЖӘНЕ ҰЙЫМДАСТЫРУ

-№5 С.Ысмайылов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінде әдістемелік бірлестіктердің жаңа оқу жылындағы алғашқы отырысы болып өтті.

-Әдістемелік бірлестік білім беру ұйымдарындағы әдістемелік қызметтің негізгі құрылымдық бөлігі болып табылады. Әдістемелік бірлестік бір немесе бірнеше бағыттас пәндер бойынша оқу-тәрбие, әдістемелік, тәжірибелік-эксперименттік және сыныптан тыс жұмыстарды жүргізеді.

-Әдістемелік бірлестік мақсаты: пән мұғалімдерінің оқу-әдістемелік және ғылыми-зерттеушілік жұмысының ұйымдастырылуы мен қызмет көрсетуін басқару және қолдау көрсету, педагогикалық шеберлік, шығармашылық ізденіс, білім беруді жаңарту жағдайында мұғалімнің басты құзіретін дамыту және жетілдіру.

-Бірлестік барысында өткен оқу жылына талдау жасалынып, 2022-2023 оқу жылына арналған әдістемелік нұсқау хат, оқу бағдарламасы және негізгі ұйымдастыру жұмыстары талқыланды. Сонымен қатар биылғы оқу жылында құндылыққа бағытталған сапалы білім беру, жаһандық құзіреттілік, функционалдық сауаттылық тағы басқа мәселелер айтылды.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.